- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда канадалық технологияны пайдаланатын уранды тазартатын зауыт салу жоспарлануда
Қазақстанда канадалық технологияны пайдаланатын уранды тазартатын зауыт салу жоспарлануда
«Қазір уранды терең өңдеу бағытын қарастырып, қызықты бір жобаны жүзеге асырғымыз келеді. Канада технологиясын пайдалана отырып, Қазақстан аумағында уранды тікелей тазартатын зауыттың құрылысы - біз үшін стратегиялық жоба. Сондықтан, қазір жан-жақты экономикалық салымдарды қарастырып, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына пайда әкелетін, жалпы, өзін-өзі ақтайтын зауытқа айналдырғымыз келеді. Зауыттың құрылысы Қазақстан мен Канаданың атом саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығарып, стратегиялық әріптестігімізге жаңа серпін береді деп үміттенеміз», - деді ол іскерлік кеңестегі баяндамасында.
Ал, журналистердің сұрағына жауап бере келе, А.Жұмағалиев зауыттың құны мен құрылыс кезеңі техникалық-экономикалық негіздемесі дайын болған соң белгілі болатынын айтты.
«Әрине, техникалық-экономикалық негіздемесін дайындап жатырмыз. Осы құжат дайын болған соң зауыттың құрылысы басталады. Қазақстанда осындай зауыт болғанын қалаймыз, экономикалық тиімділігі де маңызды. Зауыт Өскеменде салынады. Өздеріңіз білетіндей, Өскемендегі Үлбі зауыты біздің атом өнеркәсібінің үлкен жасағы», - деді А.Жұмағалиев.
Естеріңізге сала кетейік, Канада Сыртқы істер министрінің 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапары кезінде екі тарап атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы келісімге қол қойған болатын.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды