- Басты
- Жаңалықтар
- Брюссельде қазақстандық Қарулы Күштері бөлімшелерінің бітімгершілік даярлығы мәселелері талқыланды
Брюссельде қазақстандық Қарулы Күштері бөлімшелерінің бітімгершілік даярлығы мәселелері талқыланды
НАТО-ның штаб-пәтерінде қазақстандық қорғаныс ведомствосының өкілдері серіктестік және ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі комитеттің отырысында бірлестіктің 28 елінің делегацияларымен «Жоспарлау және талдау үдерісі» (ЖЖТҮ) бағдарламасы шеңберінде серіктестік мақсаттарының іске асырылуын талқылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты қазақстандық Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін даярлау және баға беру болып табылады. Отырысқа қатысушылар аталған саладағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, 2003 жылдан бастап қазақстандық Қарулы Күштері және НАТО елдері бөлімшелерінің қатысуымен жыл сайын өткізілетін «Бебітшілік үшін серіктестік» қазақстандық оқу-жаттығу орталығы мен «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуының әрі қарай дамуына қолдау білдіретіндерін танытты. 2014 жылы оқу-жаттығу алғаш рет Қазақстаннан тыс жерлерде, дәлірек айтқанда, Германияда өткен болатын. Биылғы жылы «Қазбат» ротасы да «Дала қыраны» сайысы шеңберінде бірлесіп дайындалу үшін Ұлыбританияға жөнелтіледі. Сапар барысында генерал-майор Мұхтаров НАТО-ның Бас хатшысы Александр Вершбоумен кездесті. Онымен өңірлік және жаһандық қауіпсіздік, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің НАТО-мен өзара іс-қимылы мәселелерін талқыға салды. Александр Вершбоу Қазақстанмен ынтымақтастықтың жалғасуына НАТО-ға берілетін мән-мағынаны және бітімгершілік әлеуеттің дамуы аясында өңірдегі еліміздің басымдық бағыттарын атап өтті. Барлығына мәлім, ҚР Парламентінің қаулысына сәйкес 2014 жылдан бастап Қазақстан Батыс Сахарасы мен Кот-д’Ивуардағы БҰҰ-ның миссияларына өздерін кәсіби және дайындалған офицерлер ретінде ұсынған әскери бақылаушыларын жолдайды. Болашақта қазақстандық Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін жолдау мәселесі қарастырылуда.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды