- Басты
- Жаңалықтар
- Руслан Қасенбаев: Болашақтықтар елге үлесін тигізетін мақсаттарды алға қоюлары тиіс
Руслан Қасенбаев: Болашақтықтар елге үлесін тигізетін мақсаттарды алға қоюлары тиіс
- Сіз үшін «Болашақ» бағдарламасы қандай мәнге ие?
-Бұл бағдарлама көптеген жұртшылық үшін шетелде кадр дайындау мүмкіндігі болса, болашақтықтар үшін ол бүкіл әлем. Бұл шетелдің жетекші білім ошағынан үздік білім алу. Сондай-ақ, инновациялық технологияларды меңгеру мүмкіндігі. Жеке адам ретінде өз көзқарасыңды кеңейтіп, өмірлік тәжірибе алу.
Барлық сала бойынша жетекші мамандармен кездесіп, танысу. Өз алдыңа қойған мақсаттарды нық айқындап, өзгелермен пкір алмасудың үлкен мүмкіндігі. Өз отандастырңмен кездесіп, талқылау өз еліңді паш етуге үлкен септігін итигізді.
-Конкурсқа қатысуыңызға не түрткі болды?
-2005 жылы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Халқына Жолдауында «Болашақ» бағдарламасының дамуы мен кеңеюі жайлы сөз қозғады. Бакалавр дәрежесінде «Болашақ» шәкіртақысына ие болу мүмкіндігі туды. Мен бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға тырыстым. Сол кезде-ақ, құжаттарды жинауға кірістім, келер жылы Ресейдің үздік медицина ошағынан білім алуға аттандым.
- Қандай қиындықты басыңыздан өткердіңіз?
-Менде үлкен қиыншылықтар болмады. Өзге ортаға, халыққа жеңіл бейімделіп, кірісіп кеттім. Ал материалдық-тұрмыстық проблемаларды МПО шешті, менің бар назарым оқуға бағытталды.
Әрине, барлығына жеңіл тиген жоқ. Біз осы мақсатта Мәскеудегі қазақстандық студенттердің «Тұлпар» атты ұйымын құрдық. Ол студенттерге бейімделуге, орнығуға үлкен септігін тигізді. 2008 жылы «Nomad Ultras» тобын құрдық. Ол Ресей бойынша спорттық шараларда Қазақстан командаларын қолдады.
Есте қалған оқиға 2011 жылы болды. Біз ол кезде «Атамекен» ҚСҰ құрған болатынбыз. Ұйым барлық қазақстандық студенттердің басын қосуға мүмкіндік берді. Ресейдегі Қазақстан Елшілігімен де тығыз қарым-қатынас орнатты. Қазір Мәскеуде білім алып жатқан қазақстандықтар «Атамекен» қызметін әрі қарай жалғастыруда.
-Бағдарлама бойынша білім алғаннан кейін мансабыңыз қалай құралды?
Мәскеу мемлекеттік медицина университетін бітірген соң, сол мекеменің интернатурасына түстім. Мен ол жерде үздік мамандармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болдым. Интернатураны үздік бітірген соң, елге оралдым. Қазір Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми орталықтың резидентімін. Бұл жерде емдеу-диагностикалық процедуралары өтеді. Мекеме мамандары шетелге іс-тәжірибеден өтуге жиі аттанады.
Бір ай бұрын мен Венада болдым, Еуропаның Еуропалық қауымдастық хирургтарының конференциясына қатыстым. Орталық ғылым саласына белсенді үлес қосуда. Шетелдік және республикалық журналдарға шығуға мүмкіндік аласың.
- Келешек болашақтықтар үшін қандай тілегіңіз бар?
-Өз алдарына нық мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында аянбай ел үшін қызмет еткендерін қалаймын.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды