- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық комиссия отырысында ендерлік бюджеттеу мен дағдарыс орталықтарының жұмысы талқыланды
Ұлттық комиссия отырысында ендерлік бюджеттеу мен дағдарыс орталықтарының жұмысы талқыланды
Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде басты жалпыұлттық құндылықтарды айқындап берген «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі қабылданғанын атап өтті. Г.Н.Әбдіқалықова Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілетуге өз үлесін қосатынына үміт білдірді.
Отырыста гендерлік бюджеттеу мен оны Қазақстан Республикасында енгізудің келешегі қаралды. Айталық, Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша гендерлік бюджеттеудің негізгі міндеті жеке бір жыныстың игілігі үшін емес, тұтастай халыққа бюджетті жоспарлау, сонымен қатар әрбір отбасының өмір сүру деңгейін арттыру болып саналады.
Бүгінгі таңда гендерлік бюджеттеу әлеуметтік дамудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын, Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасын, Бизнестің 2020 жол картасын және т.б. іске асыру шеңберінде әйелдердің іскерлік белсенділігін арттыруды, халықты жұмыспен қамтуды, ана мен баланы әлеуметтік қорғауды көздейтін шараларды іске асыру арқылы ілгері дамуда.
Отырыста, сондай-ақ ерлердің репродуктивті денсаулығын жақсарту жөніндегі шаралар туралы мәселелер қаралды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараты бойынша Қазақстандағы ерлердің ұрпақты болу жүйесі аурулары, тыныс алу органдарының, қан айналым жүйесі мен ас қорыту ауруларынан кейінгі таралуы бойынша төртінші орын алады. 2015 жылы уроандрологиялық аурулардың 591 мың оқиғасы тіркелген.
Бүгінгі таңда осы ауруларды анықтау үшін еліміздің барлық өңірлерінде урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар құрылды, олардың шеңберінде «Ерлер денсаулығы мен отбасылық ұзақ өмір сүру орталықтары» жұмыс жасай бастады. 2015 жылы осы орталықтарда ерлердің ұрпақты болу жүйесі аурулары бойынша 44 606 ер азаматтар тексеруден өткізілді және емделді.
Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының жұмысы туралы мәселе қаралды. Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы шараларының бірі Қазақстанның барлық өңірлерінде дағдарыс орталықтарын құру болып табылады. Бүгінде республикада 28 дағдарыс орталығы, олардың 17-де баспаналар бар. Аталған орталықтарда 2015 жылы зорлықтың құрбандарына көмек көрсету мақсатында 211 маман тартылып, 16,8 мың әйелге кеңес берілді. Дағдарыс орталығының сенім телефонына 2015 жылы 14 мың қоңырау келіп түсті, 11,3 мың әйел осы орталыққа көмек алу үшін байланысқа шығып, олардың 975-і баспаналарға орналастырылған.
Отырыс соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова қаралған мәселер бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді