• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жаңыл Мұратова: «Болашақтық» ретінде артылған жауапкершілікті ақтауға тырысамын

Жаңыл Мұратова: «Болашақтық» ретінде артылған жауапкершілікті ақтауға тырысамын

23 Қараша, 2013 12:00
«Болашақ» бағдарламасы арқылы игерілген білім, маманның бәсекелестікке қабілетін арттырады. Бұл пікірмен халықаралық «Болашақ» шәкіртақысының иегері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі стратегиялық сараптау мен жоспарлау департаментінің маманы Жаңыл Мұратова толығымен келіседі.

-Конкурсқа қатысуыңызға не түрткі болды?

-Мені шетелде білім алу мүмкіндігі қызықтырды. Әйгілі, жетекші мамандармен тікелей қарым-қатынасқа түсу де үлкен мәртебе. Әрине, өз елімді өзге елге таныстыру сезімі де болды.

- Қандай қиындықты басыңыздан өткердіңіз?

- Бірінші рет өзге елге барғаннан кейін, мен қобалжыдым. Алайда, профессорлық құрамның ашықтығы мен кәсібилігі менің оқудағы жетістіктеріме үлкен септігін тигізді. Достарым да жаңа өмірге кірігуіме, үйренуіме үлкен қолғабыс көрсетті.

-Бағдарлама бойынша білім алғаннан кейін мансабыңыз қалай құралды?

-Қазақстанға оралғаннан кейін қуанышты сәттердің бірі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне жұмысқа шақыру болды. Мен сол жерде өзімнің жоғары білімімді алдым. Жыл өткен соң, мансабымды мемлекеттік қызметте жалғастырдым. Осы салада қызмет етіп шетелде игерген білімімді қолдануға мүмкіндік алдым.

- Келешек болашақтықтар үшін қандай тілегіңіз бар?

-Бірбеткейлік пен өз мақсатына жетуде мойымауларын тілеймін. Еңбексүйгіштікке, сенімділікке жақын болғандары көп септігін тигізеді.

 

Барлық жаңалықтар