• Басты
  • Астанада мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті
27 Мамыр, 2016 19:41

Астанада мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Елордалық әкімдікте Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Астанада мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті | Strategy2050.kz

Күн тәртібінде ҚР мемлекеттік рәміздерін пайдаланудағы бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ, ҚР заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, жергілікті органдардың іс-қимылдарының алгоритмін қабылдау мәселелері қаралды.

«Меніңше, мемлекеттік рәміздер – бүгінгі таңда Қазақстан қол жеткізген жетістіктерді насихаттауға және үгіттеуге арналған өте қуатты платформа. Бұл бірігудің, Отанымызға, елімізге, республикамызға деген ең жақсы сезімдерді аккумуляциялау тұғырнамасы. Астанада мемлекеттік рәміздерді пайдалану жағдайы әрқашан да назарда – бұл өзекті мәселе. Бүгінде еліміз үлкен жоспарлар құрып отыр, сондықтан мемлекеттік рәміздерді пайдалану аса маңызды болып табылады, - деді Астана әкімінің орынбасары отырыс барысында.

Кездесуге қатысқан қалалық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің өкілдері мемлекеттік рәміздердің жағдайы мен оларды пайдалануды тексеру жұмыстарының кестесін талқылады. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар барысында мемлекеттік рәміздер белсенді түрде насихатталатын болады.

«Қазіргі кезде қала бойынша мемлекеттік рәміздерді сапалы пайдалануды жүйелендіру бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Барлық басшылар бұзушылықтарды түзету үшін ақпаратты Астанада жұмыс істейтін, қызмет ететін құрылымдық бөлімшелерге, кәсіпорындарға, мекемелерге жеткізуі керек, - деп тапсырды Е. Аманшаев.

Комиссияның келесі отырысы маусым айының соңында өтеді, онда жүргізілген жұмыстардың қорытындысы талқыланбақ. 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды