- Басты
- Жаңалықтар
- Қазатомөнеркәсіп пен Камеко «Инкай» БК қайта құру туралы Келісімге қол қойды
Қазатомөнеркәсіп пен Камеко «Инкай» БК қайта құру туралы Келісімге қол қойды
Астанада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесі барысында қол қойылған құжат алдағы 30 жылда іске асырылатын бірлескен жобаларды айқындайды. Нақты айтқанда, жер қойнауын пайдалану келісімі ұзартылып, Қазатомөнеркәсіптің «Инкай» БК» ЖШС-гі үлесі 40-тан 60 пайызға дейін артады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев атап өткендей, «Қазатомөнеркәсіп пен Камеко әріптестігі ұзақ жылдар бойы екіжақты тиімді әрі жемісті іскерлік қатынас орнатудың үлгісіне айналды. Сол себепті біз әріптестігімізді қазіргі экономикалық мүдделерді ескере отырып жалғастыруға ниеттіміз».
«Бұл келісім біздің Қазатомөнеркәсіппен әріптестігімізді нығайтып, Инкай кәсіпорынының инвестициялық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді» - дейді Камеко президенті Тим Гитцел. Құжат «Камеко» компаниясына шығыны аз өндіріс құру бойынша стратегияны іске асыруға көмектеседі. Бұл өз алдына қазіргі уран нарығындағы коньюнктура тәуекелдерін азайтып, біздің позициямызды нығайтуға септігін тигізеді».
Сондай-ақ, аталған Келісім шеңберінде бірлескен аффинажды өндіріс құру шарттары бекітілген. Нақты айтқанда, Камеко компаниясы Қазатомөнеркәсіпке аффинаж және конверсия бойынша өз технологиясын өтеусіз пайдалануға беруге дайын. Сонымен қатар, екі тарап аффинажды зауыт құрылысын бастау туралы шешім, техникалық-экономикалық негіздеме жасалып болған соң қабылданады деген ортақ мәмілеге келді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі