- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ машинистері зейнетке мерзімінен бұрын шығады
ҚТЖ машинистері зейнетке мерзімінен бұрын шығады
ҚР еңбек заңдылықтарына сәйкес Қазақстанда азаматтардың зейнет жасы 63 -деп саналады. ҚТЖ-да 2006 жылдан бері белгіленген ережеге байланысты, «Локомотив» АҚ өз қаржысы есебінен 59 жасқа толған және осы саладағы еңбек өтілі 12,5 жылдан жоғары еңбеккерлерге салалық жәрдемақы төлеп келеді.
«Локомотив» АҚ президенті Марат Шакеновтің айтуынша, қазіргі таңда қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік –экономикалық және құқықтық кепілдіктерді орындау мақсатында локомотив бригадаларында жасқа қатысты норма қайта қаралып -57 жас деп бекітілді. Бұл мәселе, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің тарапынан қолдау тапты.
«Біздің сараптауымызша, осы жасқа жеткен көптеген машинистер мен машинистердің көмекшілері норманы дұрыс көріп, жеңілдікті пайдаланғысы келеді. Сондықтан да біз оларды алмастыратын мамандарды баулудамыз»,-дейді Марат Шәкенов.
Локомотив бригадалары аталмыш бастамаға қолдау білдіріп отыр.
«Біз «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Локомотив» АҚ басшылығының салалық жәрдемақыны пайдаланып, ерте зейнетке шығару ұсынысын қолдаймыз. Өйткені, локомотив бригадалары өте ауыр жағдайда қызмет етеді. Оның сыртында тұрақты психологиялық қысым, электромагнитті толқындар мен шулар, тербелістер көп қиындық әкеледі... Мұның барлығы адамның ағзасына, денсаулығына әсер етеді»,- дейді Астана локомотив пайдалану депосының машинисі Елубай Жүсіпов.
Салалық жәрдемақы төлеу еңбеккердің жасы 63-ке келгенде және оның Қазақстаннан басқа елге қоныс аударған кезінде тоқтатылады. Сондай-ақ, жәрдемақы алып отырған машинист пен машинистің көмекшісі құрылымдық бөлімшелерге немесе «Локомотив» филиалына қызметке орналасқан және өмірден озған жағдайда тоқтатылады.
«Локомотив» АҚ Қазақстандағы өз еңбеккерлерінің ерте зейнетке шығуына жағдай туғызып отырған бірден бір кәсіпорын.
-
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
Мессенджерлердегі зейнеткерлік жасты төмендету туралы ақпарат жалған -
Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады -
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді -
Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар мерзімнен бұрын шартты түрде босатылмайды -
ФОТО: Жақында ерекше жандар түскен отандық сериал жарыққа шығады
-
ВИДЕО: Жуырда ерекше жандар түскен қазақстандық сериал жарыққа шығады
-
Қазақстан бұрынғы деңгейде мұнай өндіруді бір айға ұзарту туралы ОПЕК+ келісімін қолдады -
1 маусымда 54 пойыз жолға шығады - Ж.Тайжанов -
Президент көтерген мәселелер ауылдық мектептердің дамуына септігін тигізеді – зейнеткер ұстаз -
Д.Әзімбаевa: Қалааралық автобустар эпидемиологиялық жағдай дұрысталғанда жолға шығады -
Қ.Тоқаев: Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады -
42500 теңге. Бұл төлем бұрынғыдан өзгерек