- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы мен «Ройял Датч Шелл плс» концернінің бас атқарушы директоры өзара іс-қимылдың бірқатар мәселелерін талқылады
Елбасы мен «Ройял Датч Шелл плс» концернінің бас атқарушы директоры өзара іс-қимылдың бірқатар мәселелерін талқылады
Кездесу барысында қазіргі өзара іс-қимылдың бірқатар мәселелері, сондай-ақ концерн қызметінің мейлінше перспективалы салаларындағы ынтымақтастық аясын кеңейту жолдары қарастырылды.
Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев компанияның Қашаған кен орнын игеру жобасындағы маңызды ролін атап көрсетіп, Б.Берденді «Би Джи Групп» компаниясымен қосылу үдерісінің табысты аяқталуымен құттықтады.
Қазақстан Президенті қазіргі кезеңде «Ройял Датч Шелл плс» біздің еліміздің мұнай-газ саласындағы аса ірі инвесторлардың бірі болып отырғанына назар аударды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бұл саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігіне тоқталды.
Б.Берден өзара іс-қимылдың және инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асырудың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, таяудағы кезеңде жалғастыратын жұмыстарына қатысты жоспарлары жөнінде айтты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер