• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕО елдерінің 25 компаниясы қарағандылық кәсіпкерліктермен әріптестік құруға ниетті

ЕО елдерінің 25 компаниясы қарағандылық кәсіпкерліктермен әріптестік құруға ниетті

23 Қараша, 2013 13:23
Қарағандыға Еуроодақ елдерінің сауда-экономикалық субъектілері экономикалық миссиясы мен Бельгия елшісі Мишель Петерманс пен өзге де бірқатар ресми тұлғалар келді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Еуроодақ елдерінің 25 компаниясы қазақстандық, соның ішінде қарағандылық кәсіпкерліктермен байланыс құруға мүдделі болып отыр, деп мәлімдеді экспорт пен инвестиция бойынша Валлон агенттігі басқарма төрағасы, «Greater Region» еуропалық бірлестігі делегацияның басшысы Филип Суинен», - делінген хабарламада.

«Greater Region» бірлестігі құрамында еуропалық төрт мемлекеттің: Германия, Бельгия, Франция мен Люксембургтың аймақтық бөлімдері бар. Филип Суинен оған кіретін компаниялардың басым бағыттары жайлы әңгімеледі. Олар – биотехнология, медициналық қондырғылар, транспорт пен логистика, инженерия мен жасыл технологиялар.

«Қарағанды өңірінің ел экономикасының стратегиялық маңызы бар. Қазақстанның ДСҰ-ға енбегеніне қарамастан, аталмыш ұйымның қолдауына ие болып келеді. Сіздерің елдеріңіз үшін ұйым тарапынан қолдауға ие болудң жолы инновациялық бағыт пен ашықтық», - деді Суинен.

Сонымен қатар, Суинен шет елдік инвестиция тарту мен сыртқы сауданы жүргізуге жауапты Бельгияның Валлон өңірі басқарма агенттігі AWEX-ті таныстырды. AWEX валлон тауарларын сату мен қызмет көрсетуде, сонымен қатар шет елдік инвесторларды тартуда маңызды орынға ие. Сапар барысында экономикалық миссия өкілдері «Сарыарқа» мен «АрселорМитталТеміртау» компаниясы арнайы экономикалық зонасына барды.

Алдағы уақытта инвестиция тарту мен экспорт жөніндегі әріптестік құру мақсатында «Сарыарқа» АҚ мен Валлон агенттігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Барлық жаңалықтар