- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы: АХҚО-ны құру арқылы 40 млрд доллар тартуға болады
Елбасы: АХҚО-ны құру арқылы 40 млрд доллар тартуға болады
«Астана» халықаралық қаржы орталығын құрудың нәтижесінде алдағы он жылдың ішінде 40 млрд АҚШ долларын тартуға болады. Орталық аясында 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, халықаралық қаржы орталығында Торонто биржасы үлгісінде жер қойнауын пайдаланушылардың алаңын құру жоспарланып отыр. Ол жерде әрбір компания өз жобаларын дамыта алады», - деді Н.Назарбаев .
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әлемнің көптеген елін жобаға тарту жоспарланып отырғандығын атап өтті.
«АХҚО аясында визасыз жұмыс істейтін мемлекеттердің санын арттыру жоспарланған. Қазір ондай елдердің саны 35 болса, бір-екі жылдан кейін олардың саны 54-ке дейін жетеді. Негізгі мақсат – ел экономикасына шетелдік қаржыны көптеп тарту», - деп мәлім етті Президент.
Жиын барысында шетелдік компаниялардың басшылары өз ұсыныстарын ортаға салды. Олардың пікірінше, қаржыны Астанаға алып келу үшін орталықта мықты сот жүйесі болуы қажет. Ал арбитраждың шешімдері тек Қазақстан аймағында ғана емес, шетелде де іске асатындай дәрежеде болуы керек. «Сол кезде шетелдік инвесторлар қорықпай, өз инвестицияларын алып келе алады», - деді инвесторлар.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысын Астанадағы ЭКСПО-2017 көрме қалашығында өткізу жоспарланып отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен оның тақырыбы «Жаңа энергетика» деп белгіленді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады