• Басты
  • Қ.Келімбетов: АХҚО биржасы 2017 жылы мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын орналастыратын алаң болуы тиіс
27 Мамыр, 2016 12:59

Қ.Келімбетов: АХҚО биржасы 2017 жылы мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын орналастыратын алаң болуы тиіс

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының биржасы 2017 жылы мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын орналастыратын алаң болуы тиіс, деп «Астана» АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
Қ.Келімбетов: АХҚО биржасы 2017 жылы мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын орналастыратын алаң болуы тиіс

«АХҚО биржасы Лондон, Люксембург, Гонконг және Дубай қор биржалары жасағандай, 2017 жылы мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын орналастыратын алаң болуы тиіс.  Ислам қаржыландыруының құралы МЖӘ-нің инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларында табысты қолданылуы мүмкін»,-деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, Исламдық қаржыландыруды дамыту аясында, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен қойылған тапсырманы ескере отырып, ислам қаржы институттары үшін  қолайлы құқықтық және нормативтік ортасын құру бойынша жұмыстар атқарылуда.

АХҚО басқарушысы Ислам даму банкі тобымен қол қойылған меморандум туралы айтып өтті. Меморандум Қазақстан мен ТМД елдерінде ислам қыржы қызметін дамыту мақсатында жасалды, сонымен қатар АХҚО-ның Исламдық қаржыландыруды дамытудың жол картасын әзірлеуі бойынша.

«Алдағы 5 жылда қаржы технологияларды айтарлықтай жаһандық қаржылық қызметтер нарығын өзгертуде. АХҚО қазіргі заманғы инфрақұрылым, зертханаларды дамыту мен ірі қаржы және технологиялық компаниялармен ынтымақтастықты дамыту есебінен қаржы технологиялық жобаларды тартудың орталығы болуы тиіс. Осы жағдайда бізге «Citi»  компанияларының тәжірибесі керек болып қалуы мүмкін»,-деді ол.

Қ.Келімбетов өз сөзінде мобилизация үрдісін және таза технологиялар жағына әлем экономикасын қайта бағыттауды ескере отырып, АХҚО алаңында «жасыл» қаржыландыруды енгізу мен дамыту жоспарлануда. Осыған орай, Астана ЭКСПО-2017 жоғары технологиялық алаңы аймақта «жасыл» технологияларды қолдану үшін  физикалық инфрақұрылымды ұсынады.

«АХҚО жергілікті сараптама орталығына айналуы қажет және үздік әлемдік сарапшыларды тартуда қолайлы жағдай жасап, еліміздің адами капиталын ұлғайтуға көмек беруі тиіс. АХҚО базасында біз біліктілікті жоғарылату, сертификациялау бойынша бағдарламаларға көңіл бөлетін боламыз»,-деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды