• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Келімбетов: АХҚО үшін жоғары технологиялық биржалық инфрақұрылым жасақталады

Қ.Келімбетов: АХҚО үшін жоғары технологиялық биржалық инфрақұрылым жасақталады

27 Мамыр, 2016 12:36
АХҚО үшін жоғары технологиялы биржалық инфрақұрылым құрылады, деді Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов шетелдік инвесторлар кеңесінде.

«Капиталдың локалды нарығын дамыту үшін стратегиялық әріптестерімізбен бірлесіп  АХҚО жоғары технологиялы биржалық инфрақұрылым құрылады. Ол әлемдік стандартқа ие болады. Жаңа инфрақұрылым сауданы құнды қағаздармен, тауар мен  өндірістік құнды қағаздармен қамтамасыз етеін болады. Аталмыш жұмыс аясында орталық үздік әлемдік  биржалармен келіссөздер жүргізуде: Лондон биржалық қоры мен метал биржасы, NASDAQ, Чигак тауарлық биржасы, NASDAQ Dubai, Нью-Йорк биржа қоры», - деді Қ,Келімбетов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кездесулер мен дөңгелек үстелдер қаржы нарығының реттеушілерімен  және серіктес елдердің қаржы нарықтарымен жүзеге асырылды.

Біздің Шанхай, Гонконг, Мәскеу мен Торонто елдеріне жасаған сапарларымыз аясында орталық банк жетекшілерімен келіссөздер өткізілді.

Қазіргі таңда орталық  ірі халықаралық компаниямен консультациялық қызмет көрсеті туралы келісімге отырды.

 

Барлық жаңалықтар