- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ-де көші-қон саясаты мәселелері талқыланды
ҚР ДСӘДМ-де көші-қон саясаты мәселелері талқыланды
Шараға орталық және жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек стол барысында 2015 жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған көші-қон заңнамасындағы өзгерістер талқыланды.
Өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов көші-қон үрдістерін реттеудегі жаңа әдістердің еліміздегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын жаңғыртуға, сондай-ақ, әлеуметтік-демографиялық жағдайды жақсартуға, мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын ұлғайтуға бағытталғандығы туралы атап айтты.
Сонымен, этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуын ыңталандыру мақсатында келесі шаралар қарастырылады: этникалық қазақтарға қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру; жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік пакетке ие болу; уақытша тұру ықтиярхатын алғаннан кейін бір жылдың ішінде ҚР азаматтығын беру.
«ҚР аумағында халықты орналастырудың диспропорциясына байланысты ішкі көші-қон мәселелерін шешу мақсатында жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшетін адамдар үшін әлеуметтік пакет енгізіледі», - деп хабарлады Вице-министрі.
Сонымен қатар, ол 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдік жұмыс күшін тарту (әрі қарай - ШЖК) шараларының жеңілдетілгенен атап айтты.
«Біріншіден, жұмыс берушілерге рұқсаттама беру идеологиясы түбегейлі қайта қаралады. Енді алымдар ел бюджетіне өндірілетін болады. Ол мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға, оны аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуына бағыттауға мүмкіндік береді. Олардың мөлшерлемесі қызметкерлердің санаты мен саласына қарай сараланатын болады. Қызметкердің санаты төмен болған сайын мөлшерлеме көлемі де төмен болмақ. Сонымен бірге, ШЖК тарту квотасы экономикалық белсенді тұрғындардың есебінен емес, салас көрсеткіштерінен құралатын болады. Нәтижесінде, қандай шетелдік жоғарғы білікті маман қай салаға шақырылғандығын біліп отыратын боламыз», - деді Біржан Нұрымбетов.
Қазақстанға келетін шетелдік мамандар экономиканың басым салаларында талап етілген мамандықтар тізбесі бойынша біліктілігінің сәйкестігі туралы 3 ай ішінде берілетін анықтама негізінде кез келген жұмыс орнына мамандығы бойынша орналасуына мүмкіндік алады. Шетелдік маман оның білім деңгейін, жұмыс өтілін, практикалық тәжирибесін және де өзге де біліктілігін растайтын параметрлерін айқындайтын балдық жүйе арқылы бағаланатын болады.
Сонымен бірге, ішкі корпоративтік ауыстыру процедурасын жетілдіру қарастырылып отыр. Мұндай шетелдік жұмыс күшін тарту тәсілі жалпыға бірдей әлемдік стандарттарға, Дүниежүзілік сауда Ұйымының талаптарына сәйкестендірілетін болады.
«Сондай-ақ, аталған жаңалықтарды іске асыруға бағытталған ақпараттық-сараптамалық жүйені құру жоспарланып отыр. Ол жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін айтарлықтай жеңілдетіп, рұқсаттама беру процедураларын біршама жылдамдататын болады. Егер аталған шаралар қазіргі таңда 30-40 күнге созылса, ұсынылып отырған тәртіп бойынша орта есеппен 5 күнге дейін қысқаратын болады», - деп мәлімдеді ол.
Кездесу соңында қатысушылар этникалық, ішкі көші-қон саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған жұмысты әрі қарай жалғастыру туралы уәделесті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері