- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев С.Чакрабартимен ЕҚДБ-ның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттарын талқылады
Н.Назарбаев С.Чакрабартимен ЕҚДБ-ның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттарын талқылады
Кездесу барысында ЕҚДБ-ның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары қарастырылып, бұдан арғы перспективалық жоспарлары айқындалды.
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесі ЕҚДБ-ның қатысуымен құрылғанына назар аударды. Мемлекет басшысы биыл банктің құрылғанына және біздің елдің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуының символдық мәні бар екенін атап өтті.
«Осы жылдардың бәрінде ЕҚДБ республикамыздың сенімді серіктесі болып келеді. Біздің ынтымақтастығымызға 20 жылдан асып барады, мұндай өзара іс-қимылды өте жоғары бағалаймыз. 2014 жылы ынтымақтастығымыздың жаңа стратегиясы қабылданды, ол аса ауқымды жұмысты қамтиды», – деді Мемлекет басшысы.
С.Чакрабарти ЕҚДБ-ның Шетелдік инвесторлар кеңесін жаңадан шетелдік инвесторларды тартудың және біздің елдегі реформаларды ілгерілетудің тиімді тетігі ретінде қарастыратынын айтты.
«Кеңес мүшелері Сіздің көшбасшылығыңызды жоғары бағалайды. Жалпы, біздің серіктес болғанымызға 20 жылдан асып бара жатқанымен, оның шарықтау кезеңі соңғы жылдармен тұспа-тұс келіп отыр. Сондай-ақ Сізге және Сіздің елдің үкіметіне биыл ЕҚДБ президенті қызметіне қайтадан ұсынылған менің кандидатурамды қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл ынтымақтастығымызды жалғастыру үшін тағы 4 жылға мүмкіндік береді», – деді Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті.
С.Чакрабарти біздің елдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында қол жеткізілген өзара іс-қимылдың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ЕҚДБ қызметі үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуының маңыздылығын айтты және еліміздегі жекешелендіру үдерісіне де қызығушылық білдірді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы