- Басты
- Жаңалықтар
- «KADEX-2016» көрмесіне келетін қонақтар Қазақстанда құрастырылған МАЗ автомобильдерін тамашалайды
«KADEX-2016» көрмесіне келетін қонақтар Қазақстанда құрастырылған МАЗ автомобильдерін тамашалайды
Отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытуды жоспарлап отырған компаниялардың саны арта түсуде. Олардың бірі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ болып табылады. «KADEX-2016» көрмесінде зауыт «МАЗ» белорустық ААҚ-пен лицензиялық келісім бойынша кәсіпорынмен дайындалған Қазақстанда құрастырылған тіркемелі автомобильді техниканың модельдерін – жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі МАЗ тіркемесі мен жүк көтерімділігі 40 тонна МАЗ жартылай тіркеме тартқышын ұсынады.
Жүк автомобильді тіркемесі әртүрлі жүктерді, жартылай тіркемелі ауыр жүк таситын көлік жол және құрылыс техникасын, сондай-ақ ірі габаритті бөлінбейтін жүктерді тасымалдау үшін арналған. «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ былтырғы жылы Қазақстанның Қарулы Күштеріне осы автотехниканы жеткізіп беруді ұлғайтқанын айта кеткен жөн.
2015 жылы кәсіпорын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшін жүк көтерімділігі 10 тонна МАЗ-дың 100 тіркемесі мен жүк көтерімділігі 40 тонна МАЗ-дың 3 жартылай тіркеме тартқышын әзірледі. 2014 жылы жеткізіліп берілген МАЗ тіркемелі техникасының саны 60 бірлікке жетті. Осы өнім түрін құрастыру өндірісін ұйымдастыру бойынша жоба Минск автомобильді зауытымен (МАЗ) лицензиялық шарт бойынша жүзеге асырылатынын айта кетейік. «МАЗ» белорус зауыты Семей машина құрастыру зауытына МАЗ автотехникасының анағұрлым танымал және сұранысқа ие модельдері – ер-тоқым тартқышы, борттық автомобильдер мен самосвалдар бойынша барлық қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы берді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады