• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда эпилептологияны дамыту бойынша халықаралық конференция басталды

Алматыда эпилептологияны дамыту бойынша халықаралық конференция басталды

23 Қараша, 2013 12:52
Алматыда «Заманауи эпилептология: медициналық және әлеуметтік аспектілер» атты үш күндік халықаралық конференция басталды.

«Конференцияның басты мақсаты  - эпилептологияның дамуындағы өзекті сұрақтарды қарастыру үшін кәсіптік алаң құру. Аталмыш ғылымды халықаралық стандарттар бойынша эпилептологиялық қызметтің заманауи дамуы сынды сұрақтар талқыланатын болады», - делінген хабарламада.

Конференция жұмысына 250 делегат пен қонақ қатысады. Оның ішінде әлемдік және еуропалық эпилептология жетекшілері мен халықаралық мамандар, пациенттік ұйымның өкілдері бар.

Хабарламада айтылғандай, конференцияның өткізілуі – аталмыш сырқаттың медициналық және әлеуметтік зардаптарын жою үшін уақытылы түрде емдеу-диагностикалық шараларды қолға алу керектігі. Әлемдік тәжірибеде ұстамалы ауруы бар пациенттерді емдеудің үлгісі қалыптасқан және аталмыш сырқаттың емін іздеудің уақыты әлдеқашан келген.

Шараның ұйымдастырушылары ұстамалы ауруға қарсы Қазақстан Ұлттық лигасы мен «С.Қайшыбаева атындағы неврология институты» неврология Лигасы, Ұстамалы ауруғақарсы халықаралық Лига (ILAE), ILAE Еуропа Лигасы және Қазақстан нейрохирургия қауымдастығы.

Барлық жаңалықтар