• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Тұңғыш Президент Күніне орай Ақмола облысында 15 нысан қолданысқа беріледі

ҚР Тұңғыш Президент Күніне орай Ақмола облысында 15 нысан қолданысқа беріледі

23 Қараша, 2013 12:45
ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Ақмола облысында 15 нысанды халықтың игілігне ұсыну жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Атап айтатын болсақ, облыстың Зеренді мен Ақкөл аудандарында 66 отбасына жаңа пәтердің кілті табысталмақ. Ал Целиноград ауданында 3 балабақша мен жаңа мектеп ел игілігіне беріледі. Бұдан бөлек 36 пәтерлі жаңа тұрғын үй тағы бар», - делінген хабарламада.

Степногорск қаласында да жаңа балабақша бой көтерді.

Еңбекшілдер ауданында болса, жаңа орталық қазандық іске қосылды.

Индустрияландыру картасы аясында Бұланды ауданында «Бұланды Астық» нысаны өз жұмысын бастағалы тұр.

Облыс орталығы Көкшетау қаласында да жаңа емхана ашылатыны анық.

Барлық жаңалықтар