- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте жайылымдарды ұтымды пайдалануға бағытталған заң жобасының тұсауы кесілді
Мәжілісте жайылымдарды ұтымды пайдалануға бағытталған заң жобасының тұсауы кесілді
Заңжобасы жайылым инфрақұрылымын жақсартуға, алдын алу жайылымдық жерлердің тозуын өңдеу және қоршаған ортада жайылым экожүйелерінің экологиялық тұтастығын сақтау, сонымен қатар Қазақстанның ет өндіру және ет және сүт өнімдері аблысында жаһандық ойыншы болу мақсатында экологиялық таза мал өнімдерін өндіру көлемін арттыруға бағытталған.
«Мемлекет үлкен, ал ауыл тұрғындарына мал бағатын жер жоқ. Осыған орай сұрақтар туындайды, яғни қазіргі күні жайылымдар қалай қолданылады деген. бүгінде елімізде жылына 11 миллионға жуық шартты мал басы жайылымға шығарылып отырылады, ал бір мал басының тәуліктік азығы 35 килограмды құрайды. Егерде жайылым уақыты 180 күнге тең болған жағдайда, бір мал басына шаққанда 6,3 тонна шөп азығы керек екен. Ал, біздердің бүгінгі көрсеткіштеріміз 4,6 тоннадан аспайды немесе бір мал басына шаққандағы шөп азығының дефициті 30 пайызды құрап отыр. Міне осының салдарынан бүгінде еліміздегі мал шаруашылығы өнімдері өспей келе жатыр»,-деп ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев заңжобасын түсіндіру барысында айтып өтті.
Сонымен қатар, депутат республикада ауыл шаруашылық алқаптары 220 млн гектар екендігін, оның ішінде 187 миллион жайылымдарды құрайтындығын айтып өтті.
«Соған қарамастан, ауыл тұрғындарынан малдарды бағатын жер жоқ екендігін есту, әрине жөнсіздік. Елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерде мал санының тым көп болуы олардың тозуына себеп болады. Сондай-ақ, инфрақұрылымның болмауынан, бірінші кезекте алыс жерлердегі жайылымдарда суландырудың болмауына байланысты, шалғайдағы мал шаруашылығының тиімсіз пайдаланылуы, бұл оларды мал жаю үшін пайдалануға қиындық туғызады. Бұл ретте, осы мөлшердің ішіндегі 27 млн. гектар жайылым тозған және олардың басым бөлігі елді мекендерге жақын орналасқан жерлерге тиесілі»,-деді ол.
Елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерде мал санының тым көп болуы олардың тозуына себеп болады. Сондай-ақ, инфрақұрылымның болмауынан, бірінші кезекте алыс жерлердегі жайылымдарда суландырудың болмауына байланысты, шалғайдағы мал шаруашылығының тиімсіз пайдаланылуы, бұл оларды мал жаю үшін пайдалануға қиындық туғызады.
Осы тұрғыда, республикада тұрақты жемшөп базасын құру үшін және экологиялық таза әрі арзан мал шаруашылығы өнімдерін алу үшін жеткілікті дәрежеде пайдаланылмай жатқан табиғи жайылымдық алқаптар әлеуетінің зор екені көрінеді. Көбінесе мұндай жағдай жайылымдарды пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды нақты заңнамалық реттеудің болмауына байланысты. Жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі уәкілетті орган әлі күнге дейін заңнамалық деңгейде айқындалмаған.
Анар Тәңірқұлова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер