• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде дендрологиялық учаскі ашылды

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде дендрологиялық учаскі ашылды

23 Қараша, 2013 12:15
Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай және Қарқаралы мемлекеттік ұлттық паркінің 15 жылдығына орайластырылған шаралар аясында дендрологиялық учаскінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қарқаралы қаласындағы 3200 шаршы метрді алып жатқан дендрологиялық учаскісі ғылыми, оқыту және экологиялық-ағарту жұмыстары мақсатында құрылған. Бұған келген қонақтар 100-ден астам ағаш түрлерін тамашалай алады», - делінген хабарламада.

Қазақстанда өсетін ағаштардың ботаникалық түрлерімен толық танысу мақсатында учаскінің базасында Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжі мен өңірдегі мектеп оқушыларына ғылыми және тәжірибелік оқыту мен кешенді аралату шаралары өткізілмек.

Барлық жаңалықтар