- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Мыңбай: «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру - әрбір қазақстандықтың міндеті
Д.Мыңбай: «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру - әрбір қазақстандықтың міндеті
Фомумды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастырды.
Жиында сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уәлиев Қазақстан халқының тарихи санасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырыл отырған азаматтық форумның маңызы ерекше екендігіне тоқталып өтті.
«Мәңгілік ел идеясы кеше ғана пайда болған ұғым емес. Ол сонау көне түркі дәуірінен бері қарай жалғасып келе жатқан идея. Бұл идеяны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы Қазақстан халқына жолдауында біздің мемлекеттің ұлттық идеясы ретінде атап өткені белгілі. Содан бері Мәңгілік ел идеясы қазақстандықтардың санасына жетіп көкейіне ұялады», деді Қ.Уәлиев.
Форумда Қазақстан Республикасы Ұлттық музей директоры Д.Мыңбай, Ұлттық музей директорының орынбасары Ж.Таймағамбетов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ң профессоры, Сыздыков, «Тұран-экспресс» халықаралық газетінің бас редакторы, В.Салахов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, З.Қабылдиновтар баяндама жасады.
Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай Мәңгілік ел идеясы сонау көне дәуірлерден жалғасып келгенін және оны жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың міндеті екенін атап өтті.
«Мәңгілік ел идеясын бір ғана министрлік немесе мемлекеттік мекеме насихаттаушы емес, барлық азаматтық қоғам оны жүзеге асырудың жолдарын қарастыру керек. Көптеген мемлекеттер өздерінің ұлттық идеясын таба алмай, дауласып жатады. Ал Қазақстанның ұлттық идеясы – Мәңгілік ел идеясы», деді Д.Мыңбай.
Сонымен қатар форумға Ұлттық музейдің ғылыми қызметкерлері, мемлекеттік мекеме өкілдері, тарихшылар, қоғам қайраткерлері қатысты.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жұмыспен қамту шаралары қалай жүзеге асып жатыр