- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев «Сбербанк России» басшысымен ҚР қаржы секторының келешегін талқылады
Н.Назарбаев «Сбербанк России» басшысымен ҚР қаржы секторының келешегін талқылады
Кездесу барысында банктің Қазақстандағы қызметінің мәселелері, сондай-ақ елдің қаржы секторы мен банк жүйесін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Елбасы «Сбербанк» Қазақстан нарығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, осы уақыт ішінде республиканың жетекші қаржы-несие мекемелерінің біріне айналғанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде көптеген елдер мен қаржы институттары қиындық көріп отырғанын, проблемаларды шешу жолдарын бірлесе күш-жігер жұмсау арқылы іздестірудің маңызды екенін атап өтті.
Г.Греф Қазақстан Президентіне банк саласын дамыту мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп отыратыны үшін ризашылық білдірді.
«Қазіргі дағдарыс бізге жұмысымызда нені жақсарту керектігін сезінуге мүмкіндік берді. Қиындықтарға қарамастан, банк қызметі былтырғыға қарағанда биыл айтарлықтай тұрақты болды. Жалпы, дағдарыс бізге таяу кезеңде елдегі жұмысымызға, атап айтқанда тәуекел менеджементін жетілдіру және соңғы технологияларды анықтау саласындағы қызметімізге біршама өзгерту енгізу қажеттігін айқын аңдатып отыр», – деді Г.Греф.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі