• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Құрлық әскерлерінің қорғанысын нығайту тапсырмасы сапалы жүзеге асуда – М. Майкеев

ҚР Құрлық әскерлерінің қорғанысын нығайту тапсырмасы сапалы жүзеге асуда – М. Майкеев

23 Қараша, 2013 11:42
Қазақстан Республикасының Президенті Халыққа Жолдауында жүктеген тапсырмалары сапалы жүзеге асуда, деп Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің басшылық құрамымен жедел-әдістемелік жиынында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев атап өтті, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана маңындағы 68665 әскери бөлімінің базасында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің басшылық құрамымен жедел-әдістемелік жиын өтуде,деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады», - делінген хабарламада.

Осы жиынға өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерінің қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері тартылды. Сондай-ақ ұйымдық-әдістемелік жиынға өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерінің және бригадалардың сержанттары қатысты.

Ұйымдық-әдістемелік жиын шеңберінде ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылығымен өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері лауазымды адамдарымен командалық-штабтық әскери ойын өткізілді. Осы командалық-штабтық ойын барысында бағынысты күштер мен құралдарды басқару, сондай-ақ арнайы операциялар өткізу мәселелері пысықталды.

Кәсіби біліктіліктерін растау үшін генералдар, офицерлер мен сержанттар атыс, дене даярлықтарынан, тактикалық даярлықтан сынақтар тапсырлы. Жиналған командирлерді психологиялық тестілеу қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштер болғаны атап өтілді. Олардың дене даярлығын тексеру өткен оқу кезеңдерімен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеушілікті байқатты.

« Өткен оқу жылы ішінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері жауынгерлік даярлық бойынша барлық міндеттерді толық орындап шықты, үздік құрамалар мен бөлімдер анықталды. Жыл қорытындысын шығара келе, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – еліміздің Президенті қойған мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту жөніндегі міндеттерді Құрлық әскерлері сапалы және лайықты іске асырып жатыр деп нық сеніммен айтуға болады. Біз жауынгерлік дағдымызды арттырып, әскери тәртіп пен дене даярлығын нығайтып келеміз», - деп Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар