- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Ұлттық қорды шебер басқаруда және кірісті керекті арнаға инвестициялауда - ЭЫДҰ сарапшысы
Қазақстан Ұлттық қорды шебер басқаруда және кірісті керекті арнаға инвестициялауда - ЭЫДҰ сарапшысы
Бұл туралы ЭЫДҰ қоршаған ортаның іс-қимыл бағдарламасының арнайы жұмыс тобының тең төрағасы, ГФР қоршаған ортамен,табиғатты қорғау және ядролық реакторлар қауіпсіздігі бойынша федералдық министрлігінің басқарма меңгерушісі Юрген Кейнхорст Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында айтып өтті.
«Кешендік шолуды өткізу кезінде біз дамуды кең түрде қарастырдық, елдің дамуы тек экономикалық өсім ғана емес, сонымен қатар адамдардың дәулеттілігі, сапасы мен өмір жағдайы. Қазақстан 2000 жылдан 2013 жылға дейін экономикалық өсімнің басқармасын жақсы орындап келді, өмірдің материалдық жағдайы айтарлықтай жақсарды, кедейшіліктің деңгейі төмендеді, білім беру мен денсаулық сақтау саласына қолжетімділік кеңейді, жалпы алғанда, халық өмірінің жағдайына қанағаттанды»,-деді ол.
Экономикалық құраушылыққа келген кезде, сарапшының айтуы бойынша, Қазақстан Ұлттық қорды жақсы басқаруда және мұнайдан түскен кірісті Қазақстан елді дамыту саласында оңтайлы бағытта қолдана білді.
«Қазақстан қазіргі күні мемлекеттік секторын жақсарту тұрғысынан, экономикадағы меритократия қағидаттарын күшейту үшін айтарлықтай реформаларды жасауда»,-деді ол.
Естерінізге сала кетейік, ЭЫДҰ Бас хатшылығының басшылығымен Қазақстанның кешендік елдің шолуы жарияланды, оны ЭЫДҰ 2012 жылы іске қосты. Оның мақсаты – мемлекетке жан-жақты, орнықты және теңгерімді өсуді қамтамасыз етуді жасау және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Аталмыш шолуда даму бойынша негізгі кедергілер де белгіленген және оларды артқа қалдыру бойынша нақты ұсынымдар берілген. Оның негізінде сандық экономикалық талдау жатыр, сонымен қатар сапалы шаралар, сондай-ақ қоғамдық және бизнес сектор, азаматтық қоғам мен ғылым өкілдерінің қатысуымен болжау және интерактивті семинарлар жатыр.
Айта кетейік, елдің кешендік шолуы қиын-қыстау жағдайда өткізілуде, яғни Қазақстан даму үрдісін өзгертуде жаңа қиындықтарға тап болуда.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері