• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бірінші вице-премьер АЭФ қатысушыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Бірінші вице-премьер АЭФ қатысушыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

26 Мамыр, 2016 13:52
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астана экономикалық форумы жұмысының екінші күні аясында оның қатысушыларымен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары мен БҰҰ Өңірлік орталығының Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы (UNRCCA) жөніндегі басшысы Петко Драганов Орталық Азия елдері арасында халықаралық құқық қағидалары негізінде диалогты қолдауға БҰҰ және оның құрылымдарының қатысуының маңыздылығын айтып өтті.

Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев Қазақстан БҰҰ-ның, оның дала миссияларының, қорларының және бағдарламаларының халықаралық қауіпсіздіктің өткір қауіп-қатерлерін және дамыту саласындағы мәселелерді шешудегі жетекші рөлін мойындайтынын айтып өтті.

Экономист Иван Миклош пен Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы салықтық әкімшілік ету, сондай-ақ жекешелендіру үдерісі мәселелерін талқылады.

Polpharma S.A. Қадағалаушы Кеңесінің президенті Ежи Старакпен кездесу барысында Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту перспективалары қаралды.

 

Барлық жаңалықтар