• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы ШҚО-ның Ұлан ауданында 612,6 млн теңгенің 4 сүт тауарлы фермасын ашу жоспарлануда

2016 жылы ШҚО-ның Ұлан ауданында 612,6 млн теңгенің 4 сүт тауарлы фермасын ашу жоспарлануда

26 Мамыр, 2016 13:06
Ұлан ауданында жеке инвестицияларды тарту есебінен сүт тауарлы фермалар салынып жатыр. Осы жылы 4 СТФ ашу жоспарланған, деп хабарлады ШҚО ақпаратты орталығы.

Ұлан ауданы әкімі Дәулет Батырбаевтың  айтуынша, инвестициялық жобаларды тарту  мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың басым бағытының бірі.

«Аталмыш бағытта белгіленген жұмыстар  атқарылды. Аудандық инвестициялық комиссия  құрылды. Ұлт жоспарының 60 қадамын жүзеге асыру барысында СТФ салынуда», - деді ол.

Айта кетейік, өткен жылы 227 млн теңгеге 2 сүт тауарлы ферма ашылды. 2016 жылы тағы 4 СТФ ашу жоспарлануда. «СТФ жаңғырту» бағдарламасы аясында «Қайрат»  ауыл шаруашылығы негізінде жаңа жобаға іске қосылды.

Барлық жаңалықтар