- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның әскери теңізшілері үшін жағалық және теңіз дайындығы бойынша жиын өткізілді (ФОТО)
Қазақстанның әскери теңізшілері үшін жағалық және теңіз дайындығы бойынша жиын өткізілді (ФОТО)
Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде 21814 әскери бөлімінің корабльдерінде әртекті корабльдер дивизионының старшинасы 2-сыныпты старшина Дамир Еркінов пен Әскери-теңіз базасының старшинасы 2-сыныпты старшина Таңатқан Амановтың жетекшілік етуімен корабльдердің старшиналары және суүсті корабльдерінің боцмандарымен командирлік дайындық бойынша жиын өтті.
Барлық старшиналар қатысқан іс-шара екі кезеңді, яки, жағалық және теңіз даярлығын қамтыды. «Жиын өткізілген кезде алған білімім мен жинақтаған тәжірибемді «Каспий теңізі» теңіз биатлонында қолданып, жеңіске қол жеткізу үшін жақсы нәтиже көрсететініме нық сенімдімін», - дейді «Орал» зымыран-артиллериялық кораблінің боцманы 3-сыныпты старшина Қойшыбекұлы Ғалымжан. Жиынның негізгі мақсаты – корабль старшиналары мен боцмандарының білімін жетілдіру болып табылады.
Негізгі мәселелер жеке құрамды корабльге орналастыру, рейдтік қызмет қағидаларын сақтау және корабльдің жандылығына күресу кезінде техникалық құралдарды пайдалану, әртүрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ корабльдің корабльді зәкірлік, тартқыш және тиеу құрылғыларының әрекет етуге әзірлігі мен бүтін жай-күйде ұстау болды. ҚР ҚК ӘТК старшинасы штаб-старшина Айдәулет Ұрдабаев атап өткендей, жиын аяқталғаннан кейін күнделікті қызметті ұйымдастыру, бағынысты жеке құрамға басшылық ету және корабльді қондырғыларды пайдалану мәселелерінде старшиналар құрамының білімдері мен дағдылары анағұрлым арта түсті. Және де әрбір старшина бағынысты үшін - ол командир.
Сондықтан ол өз ісінің кәсіпқойы болуы абзал.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады