- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда соңғы 17 жылда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге азайды
Қазақстанда соңғы 17 жылда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге азайды
26 Мамыр, 2016 12:19
1999-2015 жылдары Қазақстанда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге төмендеп, 5%-ды құрады (1999 - 13,5%), жұмыссыз адамдардың саны 1999 жылғы 950 мың адамнан 2015 жылы 451,1 мың адамға азайды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші – экономикалық белсенді тұрғындардың жұмыссыздарға шаққандағы қатынасы.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ДСӘДМ тұрақты түрде жұмыс орындарын сақтау мен азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша белсенді шаралар жүргізіп келеді.
2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 156 мың адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 142,3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді