- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚК Құрлық әскерлерінің жыл қорытындысы шықты
Астанада ҚК Құрлық әскерлерінің жыл қорытындысы шықты
"Осы жиынға өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерінің қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері тартылды. Сондай-ақ ұйымдық-әдістемелік жиынға өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерінің және бригадалардың сержанттары қатысты", - делінген хабарламада.
Ұйымдық-әдістемелік жиын шеңберінде ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылығымен өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері лауазымды адамдарымен командалық-штабтық әскери ойын өткізілді. Осы командалық-штабтық ойын барысында бағынысты күштер мен құралдарды басқару, сондай-ақ арнайы операциялар өткізу мәселелері пысықталды.
Жиын барысында аталған мәселелерден басқа әскери қызметшілер барлық санаттарының кәсіби шеберлігін, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен құрамаларында қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету және оларды пайдалану сапасын арттыруға, әскери тәртіпті нығайтуға басты назар аударылды.
Теориялық білімдерін жетілдіру үшін жиынға қатысушылармен жауынгерлік даярлық бойынша, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытында әскерлерді басқару жөнінде теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.
Сержанттарға жеке құрамды үйретудің жаңа әдістемесі, жаңа оқу-жаттығу атыстарының жаттығулары көрсетілді. Негізгі күш қазіргі заманғы ұрыс жағдайындағы іс-қимылдарды пысықтауға және жетілдіруге жұмылдырылды.
Кәсіби біліктіліктерін растау үшін генералдар, офицерлер мен сержанттар атыс, дене даярлықтарынан, тактикалық даярлықтан сынақтар тапсырлы. Жиналған командирлерді психологиялық тестілеу қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштер болғаны атап өтілді. Олардың дене даярлығын тексеру өткен оқу кезеңдерімен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеушілікті байқатты.
« Өткен оқу жылы ішінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері жауынгерлік даярлық бойынша барлық міндеттерді толық орындап шықты, үздік құрамалар мен бөлімдер анықталды. Жыл қорытындысын шығара келе, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – еліміздің Президенті қойған мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту жөніндегі міндеттерді Құрлық әскерлері сапалы және лайықты іске асырып жатыр деп нық сеніммен айтуға болады. Біз жауынгерлік дағдымызды арттырып, әскери тәртіп пен дене даярлығын нығайтып келеміз», - деп Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев атап өтті.
Әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар арасында бірінші орынға Аэроұтқыр әскерлер ие болды. Астаналық десанттық-шабуыл бригадасы 2013 оқу жылының қорытындысы бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлері ұдайы жауынгерлік әзірліктегі жалпы әскери құрамаларының арасында үздік деп танылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі