- Басты
- Жаңалықтар
- АЭФ-да мемлекеттік қызметтің жүйесін жетілдіру бойынша үздік халықаралық тәжірибе талқылануда
АЭФ-да мемлекеттік қызметтің жүйесін жетілдіру бойынша үздік халықаралық тәжірибе талқылануда
Конференцияда мемлекеттік қызметті жетілдіру, тиімді басқару мәселелері, мемлекеттік қызметшілерді оқыту инновациясы және мемлекеттік басқару саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша үздік халықаралық тәжірибе мен заманауи трендтер талқылануда.
Қатысушылардың алдында алғы сөзді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов алды.
«Астана экономикалық форумы алаңында конференция өткізу жақсы дәстүрге айналды. Бұл жерде біз мемлекеттік қызметті дамытудың өзекті мәселелерін оттаға салып, саланы дамыту тұрғысындағы тәжірибелермен алмасамыз»,-деп атап өтті ол.
Ректордың хабарлауынша, конференция қортындысы бойынша 7 меморандумға қол қойылатын болады.
«Соңғы жылдары біздің ел мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару салаларында білім жетілдірудің ауқымды шараларын жасап келеді. Осы жылы біз бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Мемлекеттің сәтті дамуы үшін әлеуметті және экономикалық бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оның негізі ретінде шағын мемлекеттік аппарат болуы керек»,-деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша министр Талған Донақов.
Сонымен қатар министр Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрліктің құрылуы Қазақстанның барлық мемлекеттік аппаратын жетілдіру жауапкершілігін жүктейтініне назар аударды.
Конференция жұмысына 20 жетекші халықаралық сарапшы мен Ұлыбританиядан, Франциядан, Германиядан, Канададан, Эстониядан, Нидерландтан, Ресейден, Оңтүстңк Кореядан, Әзірбайжаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан және тағы басқа да елдерден келген мамандар қатысты.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді