- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы Ғылыми кеңестің ЕҰУ-дің 20 жылдығына арналған салтанатты жиынына қатысты
Мемлекеттік хатшы Ғылыми кеңестің ЕҰУ-дің 20 жылдығына арналған салтанатты жиынына қатысты
Салтанатты шараға мемлекеттік органдар, дипломатиялық корпус, ғылым және білім саласы, БАҚ өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, Қазақстан және шетел университеттерінің ректорлары, жоғары оқу орнының түлектері, студенттер қатысты.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының құттықтауын оқып берді. Құттықтауда 1996 жылы арнаулы жарлықпен құрылған университет бүгінде отандық жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшының біріне айналғаны және Астананың рухани әрі зияткерлік орталығы болып отырғаны атап көрсетілген. Қазақстан Президентінің Еуразия ұлттық университеті алдағы уақытта да «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру үшін білікті мамандар даярлайтын маңызды ғылыми-ағартушылық мекеменің бірі болып қала беретініне сенім білдіргені айтылған.
Бүгінде Еуразия ұлттық университеті – еуразиялық идеяның іс жүзіне асуы, сонымен қатар Еуропаның, Азияның, Американың 258 жоғары оқу орнымен, түрлі ғылыми-зерттеу орталықтарымен, шет мемлекеттердің елшіліктерімен, халықаралық білім қорларымен ынтымақтастық орнатқан болашақтың университеті.
Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да көпдеңгейлі даярлықтан өткізілетін 168 мамандық бойынша 16 мыңнан астам студент білім алуда. Мұнда 2011 жылдан бастап 250-ден астам пән ағылшын тілінде оқытылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2000 жылы университет базасында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы ашылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды