Алматыдағы жәрмеңкеге ОҚО аграрилері 250 тонна өнім жеткізеді

26 Мамыр, 2016 20:43
Алматыда 28 мамыр күні кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, жәрмеңкеге ОҚО аграрилері 250 тонна өнім жеткізеді.

Тұрғындар мен қала қонақтары ет, сүт, көкөніс және өзге тауар түрлеріне ие бола алады. Жеткізілетін тауар құны 135,6 млн теңгені құрайды, деп хабарлады қала әкімдігі.

«ОҚО-ның 3 қаласы мен 11 ауданы – Шымкент, Түркістан, Арыс – мегаполиске 244 тонна экологиялық таза өнім жеткізеді», - делінген хабарламада.

Тауар бағасы 15-20 пайызға арзан болады. 

Барлық жаңалықтар