- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сұлтанов: ХАҚО-ң біртұтас жүйесін құру үшін барынша күш салынатын болады
Б.Сұлтанов: ХАҚО-ң біртұтас жүйесін құру үшін барынша күш салынатын болады
«2015-ші жылы бес институционалды реформа қатарында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрудың қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ондағы мақсат қазақстанда заманауи қаржы нарығын құру болатын және елге ТМД-н, Еуропа мен Азиядан халықаралық инвестициялар тарту болатын. Бірінші деңгейде жоғары технологияға негізделген болашақтың экономикасын әртараптандыру, шетелдік инвестицияларды бір жерге шоғырландыру, қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру мәселелері тұрды»,-деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар, ол «Қуатты қаржы орталығын құру - еліміз экономикасының ары қарай өсімін қамтамасыз етудің негізгі жағдайларының бірі болып табылады. Сонымен қатар Орталық Азия өңірінде және Еуразиялық экономикалық одақ аясында экономикалық қатысуды арттыруға жол ашады»,-деп тоқталды министр.
Осы орайда ол Қазақстан қажетті ішкі және сыртқы бәсекелестік басымдықтарға ие екенін, яғни географиялық орналасуы, экономикалық-саяси тұрақтылық, қолайлы салықтық климат, мемлекеттік қорлардың ауқымды көлемі және басқа да қолайлы жағдайлар тиісті мүмкіндіктер беретінін атап өтті.
«Бұның барлығы Астанадағы Халықаралық қаржы орталығын дамыту шараларын сәтті жүзеге асыруға жол ашады. Атап айтқанда, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізгеннен кейін, орталық контентін жаңа идеялармен, алдыңғы қатарлы инновациялық шешімдермен толықтыру ескеріліп отыр. Оның ішінде қаржылық қызметтер саласында тың қадамдар қамтылады. Осы орайда Астана Халықаралық қаржы орталығын дамыту үшін озық қаржылық тетіктерді жеткізу мақсатында форум қатысушыларын ЭКСПО жұмысына және аталған көрмеден кейін де белсенді қатысуға шақырамын»,-деп түйді сөзін Б. Сұлтанов.
Ботагоз Айтжанова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан