- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемхатшысы мен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады (ФОТО)
ҚР Мемхатшысы мен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады (ФОТО)
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен БҰҰ елдік командасы арасындағы 2016-2020 жж. Даму жөніндегі негіздемелік әріптестікті іске асыру шеңберінде Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықтың келешегі бойынша ойларымен бөлісті.
«Мен Қазақстанға бірінші рет келіп отырғаным жоқ. Осыған дейін үш рет келгенмін. Қазіргі сапарым Астана экономикалық форумымен байланысты. ҚР Мемхатшысымен кездесу барысында біздің серіктестік, БҰҰБД-мен серіктестік туралы әңгімелестік. Сондай-ақ, біздің жаңа Жұмыс серіктестізігім туралы. Біз тұрақты қалалардың дамуы, экономиканы әртараптандыру, тиісті басқарма мәселелерін де қарастырдық. ҚР Мемхатшысы әрдайым бізге қолдау жасайды, әрдайым БҰҰ-ның досы болды. Осыған орай, жаңа мақсаттарға қол жеткізуде қалай жұмыс істеу керектігі бойынша кеңес алғымыз келеді. Бұл жаңа мақсаттар, олардың жетістіктері 2020 жылға дейін белгіленген»,-деді Д. Сұлтаноглу.
Оның айтуы бойынша, Қазақстан мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыруын жақсы атқарды. Қазақстан орташадан жоғары табысы бар ел ретінде келуіне орай, жаңа донор болып келеді және жеткілікті білім мен тәжірибені жинады. Қазақстан қазірдің өзінде осы жұмысты атқаруда. Ел Африканы қолдау бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.
ҚР Мемхатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстан-2050» стратегиясындағы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасындағы, Ұлт жоспары «100 нақты қадамындағы» анықталған басты бағыттарды Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттары мен БҰҰ Бас хатшысы іс-қимылының 5 жылдық бағдарламасына үндесетіндігін айтып өтті.
Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі