- Басты
- Жаңалықтар
- Биылғы жылы «KADEX» көрмесінде заманауи техника таныстырылады (ФОТО)
Биылғы жылы «KADEX» көрмесінде заманауи техника таныстырылады (ФОТО)
Оның ішінде, зауыт ауыспалы көлемдегі кузов-фургоны және жөндеу-зарядтау аккумуляторлық стансасының контейнері бар тіркемемен командалық-штабтық машина құрамында автопойызды көрсетуді жоспарлап отыр. Жылжымалы үлгідегі кузовта жабдық, далалық жағдайларда командалық құрамның жұмыс жасауы мен тұруына арналған орын орналастырылады.
Жөндеу-зарядтау аккумуляторлық стансасы дәл осы жағдайларда қышқылды аккумуляторлық батареяларды жөндеу, зарядтау және қуаттан ажырату үшін арналған. Сонымен қатар көрмеге келушілер жеке құрам мен әскери жүктерді, кузов-фургондарды тасымалдау және жолдар мен жердің барлық түрлері бойынша тіркемелерді сүйреу үшін арналған КАМАЗ-65224 борттық тартқышын көре алады. «KADEX-2016» көрмесінде көрсетілетін тағы да бір жаңа автотехника ресейлік «КАМАЗ» КАҚ компаниясымен шығарылған көп нысаналы КАМАЗ-6560 броньдалған автомобилі болмақ.
IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесі қорғаныс саласында ауқымды іс-шаралардың бірі болатынын айта кетейік. Көрмеге дайындалуға көптеген мамандар мен біршама бірлік әскери техника тартылды. Көрме қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мамандардың ғана емес, сонымен бірге бұқаралық медианың да назарын аудартып отыр. Көрмені әлемнің 15-тен аса елінен 300-ге жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жариялайтын болады. Астанада алдағы өтетін көрмеге орай елорда тұрғындары мен қонақтары атсалысып жүрген іс-шаралар мен керемет промоакциялар өтуде. «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында KADEX-трансформер өзінің айрықша образымен елорда тұрғындары мен меймандарының назарын аудартып, алдағы өтетін көрме жайлы айтып берді. Роботқа тәнті болған балаларға бұл акция ерекше ұнады.
Ал елордалық «Hemingway» барының ас мәзірінде ерекше кофе пайда болды. Кофе дайындаушылар KADEX деген жазуы бар ерекше суретпен кофені безендірді. «Астана» радиосының толқынында алдағы «KADEX-2016» әскери қару-жарақ көрмесіне арналған тыңдаушылар арасында радиовикторина бастау алды. Әрбір жұмыс күні сағат 8.30 бен 10.00 аралығында «Двойной экспрессо» бағдарламасының, сондай-ақ таңғы сағат 6.00 мен 8.00-де «Таңғы шоу» мен кешкі сағат 18.00 мен 20.00 аралығында «Кеш жарық» бағдарламасының эфирінде радиотыңдармаңдар викторинаға қатысып, көрменің жаңа символикасы бейнеленген естелік кәдесыйларды ұтып алуларына мүмкіндіктері бар. Тыңдармандардың міндеті – қару-жарақ пен әскери өндіріс көрмесі туралы қойылатын сауалдарға дұрыс жауап беру.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Абай жылының айшықты тұстары -
Президент тапсырмасы: Техникалық және кәсіби білім беру мен оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді