- Басты
- Жаңалықтар
- Энергетика министрлігі: 2020 жылға қарай Қазақстанда ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 25% -ға төмендейді
Энергетика министрлігі: 2020 жылға қарай Қазақстанда ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 25% -ға төмендейді
«Электр энергиясы саласында баламалы және жаңартылатын энергияның үлесі 2020 жылға қарай 10%-ға жетуі тиіс, энергия тиімділігінде 2020 жылға қарай ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 25% -ға төмендету тапсырмасы тұр, ал су ресурстары бойынша бұл тапсырмада халықты 2020 жылға қарай ішетін сумен жабдықтау және 2040 жылға дейін ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мәселесі тұр»,-деді ол.
Сонымен бірге, министрліктің міндеті 2020 жылға қарай ауыл шаруашылық саласындағы өнімділікті көтеру. Сондай-ақ, көп қозғалатын мәселе – қалдықтарды пайдалану, Энергетика министрлігіне 2020 жылға қарай қайта өңделген қалдықтардың үлесін 40%-ға арттыру керек.
«Бұл өршіл міндеттемелер, Қазақстанның шұғыл континентті климат аймағында орналасқанын, ұзақ жылу маусымдар, халықтың тығыздығы төмен аудандарын ескеретін болсақ, осы мақсаттарға қол жеткізу Қазақстан экономикасының дамуында елеулі өзгерістер әкеледі»,-деді вице-министр.
Айта кетейік, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Стратегиясын қабылдау экономиканың тұрақты және тиімді моделін құру үшін нақты бағдарды белгілейді. Ол елдің «жасыл» даму жолына негізделген. Осыған орай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 30 мамыр айында Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу туралы тұжырымдамасын бекітті. «Жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның 30 дамыған елдердің қатарына кіруіне септігін тигізетін болады.
Индира Қауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай