- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Малайзия Бас прокурорлары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Малайзия Бас прокурорлары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Ж. Асанов малайзиялық әріптесін қазақ жерінде қарсы ала отырып, құқықтық саладағы екіжақты қатынастардың достық және сындарлы сипатын атап өтті.
Сұхбаттасу барысында Қазақстан Бас Прокуроры прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ шарттық-құқықтық негізді кеңейту және нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
Сұхбаттасушылар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелерді талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі аса өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
“Екі ел мекемелерінің басшылары екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың едәуір әлеуетін атап өтіп, лаңкестікке қарсы тұру, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде күш біріктірудің ерекше өзектілігін атап айтты”, - делінген хабарламада.
Кездесу барысында ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шарттарды жасасу мәселелері талқыланды.
Келіссөздер нәтижелері бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Малайзияның Бас прокуратурасы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш құжатқа қол қою өзара ықпалдастықтың дамуына, құқықтық саладағы ақпарат және озық тәжірибемен алмасуға жаңа серпін береді.
Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Малайзияның құзіретті органдары арасында қылмысқа қарсы тұру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде ықпалдастықтың қалыптасқан деңгейін ризашылықпен атап өтті, сондай-ақ шарттық-құқықтық негізді кеңейтуге дайын екендіктерін растады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды