- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Жамбыл облысында жылына 1,2 млн тонна цемент өндіріледі
ИИДМБ: Жамбыл облысында жылына 1,2 млн тонна цемент өндіріледі
Жалпы құны 35 млрд теңгені құрайтын жоба индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Мыңарал ауылында жүзеге асырылды. Осы жобаның жүзеге асырылуына «Vicat Group» француз компаниясы қатысты.
Бүгінде, зауыт өңірде табысты жұмыс жасап жатқан ең ірі кәсіпорындардың бірі. Өндіріліп отырған құрылыс өнімдерінің көлемі жыл сайын өсуде. Цемент зауыты қазіргі заманға сай технологиялармен жабдықталған.
Мыңарал цемент зауыты өз өнімдерін республиканың барлық өңірлеріне, сондай-ақ көрші Қырғызстанға экспорттайды.
Кәсіпорын жұмысшыларына қолайлы жағдай жасау үшін, аумағында арнайы балабақшасы, медициналық орталығы, кітапханасы, бильярд бөлмесі, мини – маркет дүкені, фитнес орталығы бар «Самал» қалашығы салынды. Тұрақты жұмыс орнымен 244 жұмысшы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, зауытқа өздерінің қызметтерін көрсететін мердігерлер арқылы, 200-дей жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылды.
Атап айтқанда, «Мыңарал Тас компани» ЖШС-гі ауыл тұрғындарының коммуналдық қызмет ақыларын төлейді. Кәсіпорын мектеп оқушыларын және жұмысшыларды тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз етеді.
Еске саламыз, Мыңарал цемент зауыты 2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір барысында ашылған.
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр