• Басты
  • Мәжіліс ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы келісімге Арменияның қосылуы туралы хаттама ратификациясын мақұлдады
25 Мамыр, 2016 13:06

Мәжіліс ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы келісімге Арменияның қосылуы туралы хаттама ратификациясын мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары "2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын мақұлдады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәжіліс ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы келісімге Арменияның қосылуы туралы хаттама ратификациясын мақұлдады

Жоғарыда аталған келісімдерге 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің отырысында қол қойылған болатын. ҚР Президенті 2015 жылдың қазан айында аталған құжаттарды ратификациялау туралы ҚР Заңдарына қол қойды. Келісімдер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде (әрі қарай - ЕАЭО) тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сай келетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сапасының менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес болатын медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгілейді.

Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер ЕАЭО аумағында Еуропалық одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу қағидаларынан өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таңбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады. 

Келісімдерге Армения мемлекетінің қосылуы туралы хаттама ҚР Президентінің 2015 жылғы 27 қарашасындағы Қаулыларымен мақұлданды.

Хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобаларын қабылдау Қазақстан Республикасының ұлттық заңнама жүйесіне қайшы келмейді. Ол ЕАЭО мүше-мемлекеттердің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы заңнамаларын үйлестіру шараларын қабылдау арқылы сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ЕАЭО мүше-мемлекеттері халықтарының денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. 

Аталған хаттамаларды ратификациялау Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығында лайықты орын алып, отандық фармацевтикалық өнімдердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды