• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында 116 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр – А. Мұсаханов

Алматы облысында 116 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр – А. Мұсаханов

22 Қараша, 2013 18:20
Алматы облысында 1 млрд теңгеге 116 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов мәлім етті.

«Алматы облысында ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 1 млрд теңгеге 116 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы 812 млн теңгегег 76 үйдің құрылысы жүрген болатын. Ағымдағы жылы біз тек 5 үйге ғана жөндеу жүргіздік», - деді әкім.

 «2012 жылдың қорытындысы бойынша біздің облысымыз пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы бойынша үшінші орын алып отыр. Жыл сайын біздің облыста орта есеппен 500 мың шаршы метрге жуық баспана пайдалануға беріледі. Ағымдағы жылы көппәтерлі 71 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр», - деді әкім.

« «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен Қарасай ауданында 265 мың шаршы метрдің «Асыл Арман» тұрғын үй кешені салынып жатса, Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс тұрғын үйлер орамында 350 мың шаршы метрдің тұрғын үй кешені салынуда. Осы ауданда сондай-ақ «Қазақстаннық ипотекалық компаниясының» қатысуымен салынатын көпәтерлі 24 үйдің құрылысы үшін тағы 6,2 гектар жер телімі бөлініп отыр. Ал құрылыстың құнын арзандату және жаңа технологияларды дамыту мақсатында Талдықорғанда ағымдағы жылды желтоқсан айында үй құрылысы комбинаты іске қосылады», -деді А.Мұсаханов өз сөзінде.

 

 

Барлық жаңалықтар