- Басты
- Жаңалықтар
- «Протон-М» зымыран тасығышының құлағанынан тиген зардап көлемі 13,6 млрд теңгеден асты
«Протон-М» зымыран тасығышының құлағанынан тиген зардап көлемі 13,6 млрд теңгеден асты
«ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі 2013 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан жеріне құлаған «Протон-М» зымыран тасығышының қоршаған ортамызға тигізген зиян көлемін экономикалық бағалады. Келтірілген залалдың қаржылай құны 13,6 млрд теңгеден асты (13 690 747 305 теңге)», - делінген хабарламада.
Аталмыш мәлімет РФ Федералды ғарыш агенттігіне (Роскосмос) жөнелтілді.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалдау келісіміне сай, қазақстандық тараптың жұмыс координацтясын жүргізуге құзіретті орган Қазкосмос болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкімет басшысының бұйыруымен Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Ерлан Қаппаровтың төрағалығымен 2013 жылдың 2 шілдесіндегі «Протон-М» зымыран тасығышының құлауынан тиген экологиялық зардапты жою үшін атқарылатын шараларды бақылау мақсатында жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобының бір отырысында Роскосмос өкілдері экологиялық зардап тигізгені үшін Қазақстан жағына экономикалық шығынды өтеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
«Қазіргі таңда аймақтың ластануын тоқтату жұмыстары мен қоршаған ортаны қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жайылған гептилдің дәрежесі зиянды дәрежеге дейін жетпейді», - делінген хабарламада.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде