- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» аясында 2016 жылы 12 жоба іске асырылады
Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» аясында 2016 жылы 12 жоба іске асырылады
Оның айтуынша, қазіргі таңда халықты сумен жабдықтау 90,5%, ал елді мекендерде 43,5% құрайды.
"Ақбұлақ", "2020 жылға дейін өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдрламалары аясында 2011 мен 2015 жылдар аралығында төрт жыл бойы сумен жабдықтау және су жеткізу бойынша 100 жоба қолға алынады, олар 54 780 тұрғыны бар 68 елді мекенді қамтиды. Жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын 22,5 миллиард теңге республикалық және облыстық бюджеттерден қарастырылып отыр.
Ырғыз ауданының Нұра және Мамыр елді мекендерін орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 633,9 млн теңге болатын су құбырлары желісінің құрылысы жобасы әзірленді, 2016-2018 жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік тапсырыс жасалды. Сонымен бірге, Ырғыз ауданының Белшер ауылында жалпы құны 172,2 млн теңге болатын су құбырлары желісінің құрылысын бюджеттік қаржыландыру жөнінде тапсырыс жасалды.
“2016 жылы "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында 2016 жылы Ақтөбе қаласы мен Алға, Әйтеке би, Шалқар, Мұғалжар, Темір аудандарының 9 елді мекенінде сумен қамтамасыз ету, су жеткізу жүйелерінің құрылысы мен қайта салу бойынша жалпы құны 4,1 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылады. Аталған бағдарлама аясында 2017 жылы жалпы құны 8,8 млрд теңге болатын тағы 30 жоба қолға алынбақ”, - деп атап өтті Бекниязов.
Сонымен бірге, 2016 жылы облыстық бюджет есебінен құны 172,6 млн теңге болатын 9 сумен жабдықтау жүйесі құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзіпленді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген