• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанадағы ХВҚ Аймақтық конференциясында қысқамерзімді ауытқуда қолданылатын әрекет талқыланды

Астанадағы ХВҚ Аймақтық конференциясында қысқамерзімді ауытқуда қолданылатын әрекет талқыланды

24 Мамыр, 2016 17:13
Астанадағы Халықаралық Валюта Қоры Аймақтық конференциясында қысқа уақытты есеңгіреуде қалай әрекет ету керектігі мен шараларын орташа уақыт перспективасында жүзеге асыру мәселесі талқыланды, деді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ХВҚ Аймақтық конференциясының қортындысында.

«Конструктивті диалогта тәжірибемен және пікірлермен алмасып, қысқа уақытты есеңгіреуде қалай әрекет ету керектігі мен шараларын орташа уақыт перспективасында жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Біз макроэкономикалық саясаттың негізін қарадық, институттарды нығайту, жүйе мониторингі, салалық реформалардың құрылуын және аймақтық ықпалдасу мен сапалы істерді атқару мәселелерін қарастырдық»,-деді К.Мәсімов.

Еске сала кетейік, Астанада жабық дөңгелек үстел форматында Астана экономикалық форумына орайластырылған ХВҚ Аймақтық конференциясы өтті. Оған Орталық Азия, Кавказ, Еуразиялық аймақ елдерінің экономикалық блоктағы бірінші басшылары қатысты.

Анара Таныркулова

Барлық жаңалықтар