- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбенің жылу және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға 2016 жылы 6,8 млрд теңге жұмсалады
Ақтөбенің жылу және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға 2016 жылы 6,8 млрд теңге жұмсалады
Оның айтуынша, негізгі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қорының техникалық жағдайы коммуналдық желілерді жаңғырту мен қайта салуға қаржы құюды қажет етеді. Жыл сайынғы шығындармен қатар негізгі қордың техникалық тозығы деңгейі де арта түседі. Бүгінгі таңда сумен жабдықтау желілерінің орташа тозығы 49%, су жеткізу - 62%, жылумен жабдықтау - 61% құрайды.
Сонымен бірге отандық экономикадағы дағдарыс көріністері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын мемлекет тарапынан қаржыландырудың азайғанын білдіреді. Соңғы үш жылда мемлекеттік салалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында елді мекендер мен тұрғындарды орталықтандырылған су, жылу және газбен қамтамасыз ету көрсеткіштері орташа алғанда 15%-ға артты, ал коммуналдық желілердің тозығын 20%-ға азайту мүмкін болды.
“Осы және өзге мәселелерді шешу үшін біз инвестиция тартуды және мемлекеттік -жекеменшік серіктестік аясында хлықаралық қаржы институттарын, екінші деңгейлі банктерді, сонымен бірге жеке институттарды жұмылдыра отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға ниеттіміз. Қазіргі таңда потенциалды инвесторлар тарапынан Ақтөбе қаласында көшедегі жарықтандыру мен канализациялық-тазарту қондырғыларын модернизациялау бойынша нақты екі жоба ұсынылды. Олар бүгінде қарастырылуда”, - деп атап өтті Амантай Бекниязов.
Сонымен бірге, қаржы ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктері есебінен бірқатар мәселелер күн тәртібінен алынады. 2016 жылы жалпы сомасы 6,8 млрд теңге болатын Үкіметтік грант және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің несиелік ресурстары есебінен Ақтөбе қаласында жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жұмыстары басталады. Ол өз кезегінде желілердің тозығын, су мен жылудың жоғалуын азайтуға мүмкіндік береді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы