- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте ТүркПА-ның әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша комиссия отырысы өтті
Мәжілісте ТүркПА-ның әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша комиссия отырысы өтті
Жиынға Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты, аталған комиссияның төрағасы Садық Шер-Нияз жетекшілік етті. Атап өткеніндей, комиссия ТүркПА-на мүше-мемлекеттердің тарихи тамырластығына, мәдени байланысына сүйене отырып, парламентаралық ықпалдастықтың нығаюына, ең бастысы – халықтар арасындағы бауырластық қарым-қатынастың нығаюына ықпал етеді.
Комииссия жұмысына Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы сынды басқа да халықаралық институттар қолдау көрсетеді.
Отырыстың ашылуында Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдрахманов көне тарихтың терең түкпірінде тамырласқан түбір бір туысқан ел өкілдеріне ыстық ықыласын жеткізіп, біздің достығымыз – тарихтың қатал сынынан өткен, ғасырлар қойнауынан жеткен ұлы достық. біздің мұңымыз ортақ, біздің сырымыз ортақ, біздің жырымыз ортақ,-дей келе, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен құрылған Түркі тілдес елдерінің Парламенттік Ассамблеясы – сол дәстүрлі достықты бекіте түсудің бір тетігі екендігін атап өтті.
Одан әрі Мәжіліс депутаты Комиссияның отырысына арқау болған «Апат және дағдарысқа қарсы күрес жағдайында ТүркПА елдерінің ынтымақтастығы» тақырыбының, әлемдік алпауыттар арпалысқан, дағдарыс шиеленіскен жауапты шақта, жаһандық тұрақсыздықтың қазіргідей күрделі кезеңінде айрықша маңызға ие екендігіне тоқталды. Өйткені, апат та, дағдарыс та бір ғана мемлекетте болып, басқаларда болмайды немесе оларға әсерін тигізбейді деп айта алмаймыз. Бұл проблемалар баршамызға ортақ деген С. Әбдрахманов биыл 25 жыл толып отырған Семей ядролық полигонының жабылуын ұлы оқиғаға теңеді.
Күн тәртібіне сәйкес, отырыс барысында «Апат және дағдарысқа қарсы күрес жайында ТүрПА елдерінің ынтымақтастығы» (Мұстафа Бозкурт, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне депутаты), «Қазақстандағы апатты жағдайлардың алдын алу, төтеп беру және бұл мәселеде басқа елдермен, оның ішінде түркітілдес елдермен ынтымақтастық мүмкіндіктері» (В. Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы) тақырыптарында баяндама жасалып, кең көлемде талқылаудан өтті.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар апат және күрес жайында ТүркПА елдерінің ынтымақтастығы жөніндегі ұсыныстарды қабылдады. Ол келер жылы Қырғызстанның Баку қаласында өтетін Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша комиссиясының алтыншы отырысына шығарылмақ.
Айта кетейік, отырысқа қос Палатаның, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия Парламенттерінің депутаттары, сондай-ақ, Түркі кеңесінің, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТЮРКСОЙ) мүшелері, дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады