- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы жұмыскерлерге деген сұраныс 134 мың адамды құрады - ДСӘДМ
2016 жылы жұмыскерлерге деген сұраныс 134 мың адамды құрады - ДСӘДМ
«Биылғы жылы қатысушылардың саны әлдеқайда ұлғайтылды. Бұл сауалнама нәтижесінің сенімділігі мен оның аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. 2016 жылы жалпы қызметкерлер саны 880 мыңнан астам адамды құрайтын барлығы 7 мыңнан аса жұмыс беруші сауалнамадан өтті», - деп хабарлады Дәулет Арғындықов.
Сауалнама нәтижесі бойынша 2016 жылы жұмыскерлерге деген сұраныс 134 мың адамды құрады. Негізгі сұраныс сауда, қаржылық және сақтандыру қызметтері, жылжымайтын мүлік сынды қызмет көрсету салаларына тиесілі. Экономиканың нақты секторында жалпы кадр қажеттілігі 49 мың адамға бағаланып отыр, сонымен бірге, оның жартысына жуығы ауылшаруашылық секторына қажет екені белгілі болды. Өнеркәсіп саласында кадрларға сұраныстың негізгі бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, оның басым көпшілігі киім, аяқ киім, сондай-ақ, ағаштан жасалатын заттар өндірісінде қажет болып отыр. Жалпы алғанда, аталған сала өнеркәсіптері өз қызметкерлер штатын 10%-дан астам көрсеткішке ұлғайтуға мүмкіндіктері бар.
ЖП АТО президенті мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары жеке меншік сектордың дамуына септігін тигізіп келе жатқанын атап айтты.
«Егер соңғы жылдары еңбек ресурстарына сұраныс мемлекеттік сектор тарапынан болса, биылғы жылы сұраныстың 80%-ы жеке сектордың үлесінде», - деді Дәулет Арғындықов.
Аймақтар арасында кадрлар сұранысының басым көпшілігі Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, сонымен бірге, Астана, Алматы (жалпы сұраныстың 60%-ы) байқалады. Сонымен, аталған облыстардағы жалпы сұраныс 60,8 мың қызметкерді құраса, Астана мен Алматы қалаларында – 20,9 мың адам болып отыр.
Салалардағы негізгі сұраныс 5 салаға тиесілі:сұраныстың үштен бір бөлігіне жуығы (42 мың адам) сауда, қаржы, жылжымайтын мүлікпен айналысатын өндірістерден;сұраныстың 17% (23 мың адам) ауылшаруашылық кәсіпорындарынан;сұраныстың 12%-ы (16,3 мың адам) білім беру саласы ұйымдарынан;10% - ы (13,6 мың адам) – құрылыс компанияларынан келсе, өндірістік кәсіпорындарға 12,2 мың қызметкерлер қажет, бұл сұраныстың 9%-ын құрап отыр.
«Аталған сауалнама мәліметтері сараптамасының нәтижесі бойынша республикада орта білікті техника мамандарына деген сұраныс жоғары болатыны анықталды. Оның мөлшері 57,1 мың немесе еліміздегі жалпы кадр сұранысының 43%-ын құрап отыр. Сонымен бірге, жұмыс берушілердің біліктілігі төмен немесе біліктілігі жоқ мамандарға деген сұранысы жоғары. Ол 33% болып отыр. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы мамандарға деген сұраныс та жоғары - 15%. Инженерлік-техникалық кадрларға деген сұраныс қажеттілігі бойынша соңғы орыннан бір саты жоғары тұр – республика бойынша небәрі 6,2 мың адам (жұмыс берушілер сұранысының 4,6%-ы) ғана керек. Кеңсе жұмыскерлері, әкімшілік персонал мен өзге де қызметкерлерге деген сұраныс өте төмен - 4%», - деп қорытындылады Дәулет Арғындықов.
Айта кетейік, 2015 жылы алғаш рет «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып 3700 жұмыс берушілер арасында мамандықтар мен кәсіптеріне қарай кадрлар сұранысын анықтау мақсатында сауалнама өткізілді.
Индира Кауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды