- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет синергиясы мен жеке бизнестің нәтижесінде Қазақстан көптеген ірі жобаларды жүзеге асыра алады – сарапшы
Мемлекет синергиясы мен жеке бизнестің нәтижесінде Қазақстан көптеген ірі жобаларды жүзеге асыра алады – сарапшы
Іскерлік таңғы ас форматында өткен кездесу турбулентті жағдайда тиімді өзгерістерді басқару мәселелерін талқылауға арналды. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» және Қазақстандағы бес институционалды реформаның тәжірибесін іске асыруды есепке алуда, МЖӘ Орталығының сарапшылары экономикадағы өзгерістерді басқару үшін, институционалдық, жағдайлық және дизайн тәсілдерді қолдануға ұсынды.
«Мемлекеттің саясатында және бизнестің дамуында басты орында МЖӘ мәселесі тұр. Аумақ бізде өте үлкен, әлем бойынша аумақпен тоғызыншы орынды аламыз, алайда халық саны аз – бір шаршы метрге 2-3 адамнан, шұғыл континентті климат, сумен жабдықтау, суды бұрып жіберуден мәселелер бар. Осы сынды мәселелерді шешудің амалдарын ойластырудамыз, мысал үшін айта кетсем, қазір біз МЖӘ арқылы су жобаларын іске асырумен айналысып жатырмыз. Бұл өзекті тақырып»,-деп Қазақстандық МЖӘ орталығының төрағасы Азамат Ойнаров айтып өтті.
Оның айтуы бойынша, Қазақстанда қабылданған МЖӘ туралы заң көп жағынан объектілі-бағытталған.
Іскерлік кездесудің басты қонағы «Сараптау-талдамалы орталық және азаматтық қоғам» бағдарламасының директоры, Пенсильвания Университеті жанындағы Лодера институтының оқытушысы Джеймс МакГанн болды.
АЭФ-2016 аясында талдау орталығының аймақтық саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келген шетелдік қонақ өз сөзінде мемлекеттің алдында ғана емес, сонымен қатар жеке бизнес пен жалпы қоғам алдында тұрған мәселерді шешу барысында талдау орталығының негізгі рөлін айтып өтті. Джеймс МакГанн халықаралық озық тәжірибе талдау жұмыстарын ескере отырып, МЖӘ саласындағы талдау орталықтарын одан әрі дамыту бағыты бойынша ұсыныстар жасады.
«Тиімді болу үшін инвесторларға шектеулерді төмендету керек. Аталмыш мәселедегі мемлекеттің негізгі миссиясы – инвесторларға мүмкіндіктерді тиісінше тез, уақытылы және сапалы жеткізу. Мемлекет бизнеске есікті ашуы керек және оған көмек көрсетіп, жаңа жобаның жоспарын іске асыруға қол ұшын беруі тиіс. Егер қаржылай көмек көрсету керек болғанда көмектесіп және алдағы уақытта МЖӘ аясында осы жобаға жәрдемдесу керек. Осы жолда Қазақстан айтарлықтай дамуда және мен көріп отырмын, мемлекет синергиясы мен жеке бизнестің арқасында Қазақстан көптеген ірі жобаларды жүзеге асыра алады»,-деді Джеймс МакГанн.
Дөңгелек үстел жұмысында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, Жобалық менеджерлер кеңесі, ҚР Президенті жанындағы Мембасқарма академиясы, халықаралық ұйымдар, Әзірбайжанның, Беларусь пен Қазақстанның университеттері мен талдау орталықтары қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады