- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен К.Лагард ҚР мен ХВҚ ынтымақтастығының негізгі бағыттарын талқылады
Н.Назарбаев пен К.Лагард ҚР мен ХВҚ ынтымақтастығының негізгі бағыттарын талқылады
Кездесу барысында Қазақстан мен қордың ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ әлемдік қаржы-экономика жүйесінің дамуындағы маңызды үрдістер (трендтер) талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев ХВҚ-ның Өңірлік конференциясын Астана экономикалық форумы қарсаңында Қазақстанда өткізу туралы шешімнің біз үшін маңызды қолдау болғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Халықаралық валюта қорымен ынтымақтасып келе жатқанын айтты.
« Қор қызметкерлері алғашқы жылдары техникалық және қаржылық тұрғыдан зор көмек көрсетті. Бұрынғы кеңестік өзге мемлекеттермен салыстырғанда біздің ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына дейін көп нәрсені жүзеге асыра алды. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы да әлемдік экономика сияқты күрделі кезеңді бастан өткеруде. Бұған бірқатар факторлар, соның ішінде шикізат ресурстары бағасының төмендеуі, қазір біз жүзеге асырып жатқан құрылымдық реформалардың кешіктірілуі, сондай-ақ Ресейге қатысты ахуал мен Қытайдағы экономикалық жағдай ықпал етіп отыр. Соған қарамастан біз ІЖӨ төмендеуіне жол бермей, оң динамиканы қамтамасыз еттік және оны биыл да сақтаймыз деген үміттемін. Біздің республика алты жылдан бері экономиканың шикізат ресурстарына тәуелділігін азайту шараларын жүзеге асырып жатыр», – деді Қазақстан Президенті.
К.Лагард бірқатар мемлекеттер үкіметтерінің экономикалық блогының басшылары бірінші рет қатысқалы отырған Өңірлік конференцияның табысты өтетініне сенім білдірді.
ХВҚ басқарушы директоры сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа қормен арадағы серіктестіктің жолға қойылғаны үшін алғыс айтты. Осы серіктестік аясында Қазақстанға қажетті қолдау, соның ішінде техникалық сипаттағы қолдау көрсету жалғасып келеді.
Сонымен қатар, К.Лагард елді экономикалық, индустриялық және инфрақұрылымдық дамыту жөніндегі Қазақстан жүзеге асырып жатқан реформаларды ХВҚ қолдайтынына назар аударды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері