- Басты
- Жаңалықтар
- Шверинде Қазақстанның экономика күні өтті
Шверинде Қазақстанның экономика күні өтті
Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мәселелеріне арналған аталмыш іс-шараға Германияның аталған аймағының ресми, экономикалық, іскерлік және сарапшы орталарының өкілдері қатысты. Форумда қазақстандыұ-германдық тақырыптық блоктардың өзектілігі қамтылды. Айталық, экономикалық ынтымақтастық, жаңартылған энергия, логистика, азық-түлік өнеркәсібі, денсаулық сақтау, дуальді білім және туризм салалары қамтылды.
Аталған жиында Германиядағы Қазақстанның елшісі Болат Нүсіпов, Бундестаг депутаты Карин Штренец, Шверин қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасының бас директоры Зигберт Айзенах сөз сөйледі.
Қазақстандық дипломат өз сөзінде неміс тарапын бес институционалдық реформаны жүзеге асыруда «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттерін таныстырды.
К.Штенец Қазақстанның инвестиция тартымдылығын және осындай форумдардың маңыздылығы мен аймақаралық өзара іс-қимылды тұрақты дамыту үшін жасалатын келіссөздердің артықшылығын атап өтті.
Өңдеу саласы бойынша германдық бизнестің мүмкіндіктері туралы, агроөнеркәсіп кешені, көлік және логистика жайлы Орталық Азиядағы германдық экономика өкілдігінің басшысы Йорг Хетч баяндама жасады. «KaznexInvest» АҚ-ң басқарушы директоры Ерлан Мұратов ҚР-ң инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
Неміс тарапынан қатысушылардың назары негізінен Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайындық мәселелеріне ауды.
Іс-шара барысында инновация мен жаңа технологияны дамыту турасында екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бағытында пікір алмасылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті