- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы Қазақстанда 400 мың сәби дүниеге келді
2015 жылы Қазақстанда 400 мың сәби дүниеге келді
2005 жылмен салыстырғанда туғандар саны 42,5% (ер балалар – 42,7%, қыз балалар – 42,3%), қалалық мекендерде – 37,5%, ауылдық мекендерде – 49,7% артты.
«Туудың жалпы коэффициенті (1 000 тұрғынға шаққандағы туғандар саны) 2015 жылы 22,66 промиллені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 4,24 промиллеге (2005ж. – 18,42) артты. Қалалық мекендерде осы көрсеткіш 22,61 промиллені (2005ж. – 18,94), ауылдық мекендерде – 22,73 промиллені (2005ж. – 17,72) құрады», - делінген хабарламада.
Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1 000 тұрғынға шаққанда 31,25 туғандар), Оңтүстік Қазақстан (29,00) облыстарында және Астана қаласында (30,23) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (14,23), Қостанай (14,44) және Шығыс Қазақстан (16,37) облыстарында көрініс тапты.
«Барлық ұрпақты болу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2015 жылы 2,73 құрады және 10 жыл ішінде 23,0% өсті (2005ж. – 2,22). Қалалық мекендерде ТЖК 16,7%, (2015ж. – 2,52; 2005ж. – 2,16), ауылдық мекендерде 31,8% өсті (2015ж. – 3,07; 2005ж. – 2,33)», - делінген хабарламада.
Елдің өңірлері бойынша ең жоғары ТЖК Маңғыстау (3,75), Оңтүстік Қазақстан (3,68) облыстарында, ал төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,74) мен Қостанай (1,78) облысында байқалды.
2015 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,2 жасты құрады және 10 жылда 0,5 жасқа (2005ж. – 27,7 жас) ұлғайды, ал қалалық мекендерде – 0,9 жасқа, ауылдық мекендерде 0,1 жасқа ұлғайды.
Қазақстанның бірнеше өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Мысалы, осы көрсеткіш Алматы қаласында 30 жасты, Астана қаласында 28,9 жасты құрады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды